Жаннат Бақтай шақырады…

 «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

тел. (7172 -70 95 94; 70 96 19) e-mail: astanaopera@gmail.com

Көпшіліктің сүйікті сопрано дауысты опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай 8 қыркүйек күні «Жаннат Бақтай шақырады» атты жеке концертін ұсынбақ. Белгілі вокалистің өнерін сүйіп тыңдаушылар бұл оқиғаны асыға күтуде, себебі осы шығармашылық кеш оның саханадығы 30 жылдық мерейтойына арналған.

–  Әрбір тәжірибелі музыканттың өмірінде ақиқатқа ұмтылу сәті туындайды, осы кезде ол тыңдармандарға музыка арқылы білдірілетін ең сырға толы ойлары мен сезімдерін жеткізгісі келеді. Сол сәт маған да жетті. Көремендерге арнап өзімнің жүрегіме жақын музыкалық өнердің әртүрлі  жанрларындағы шығармаларды орындағым келеді, олардың ішінде жаңа заманауи тынысқа ие болған қазақ әндері, романтик композиторлардың операларынан алынған музыкалық кроссоверлер мен үзінділер бар. Сіздерді өзімінің бенефис кешімде асыға күтемін, – деп атап өтті Жаннат Бақтай.

Атақты сопраноны «Астана Опера» хоры мен Симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен ән салатын болады. Дирижерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Цвиккаудағы (Германия) Р.Шуман атындағы Халықаралық пианистер байқауының Бірінші жүлдесінің әрі Алтын медалінің иегері, Мәскеудегі П.Чайковский атындағы  және Санкт-Петербордағы Елена Образцова атындағы Халықаралық вокалдық байқаулардың «Үздік концертмейстер» сыйлығының иегері Теміржан Ержанов (АҚШ), Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов.

Қазақстанның жетекші опера әншісімен бірге сахнаға оның шығармашылық жолындағы әріптестері – Жаңа Опера Мәскеу театрының солисі Ярослав Абаимов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Чотабаев, Сүндет Байғожин және Азамат Жылтыргөзов шығады.

Жаннат Бақтай көрермен назарына ұмытылмас бейнелер галереясын ұсынады, әнші  вокалдық әрі актерлік шеберлікті қалай шеберлікпен меңгергенін паш етпек.

Концертте А.Әбдінұровтың шығармалары, Дж.Россини, Ж.Оффенбах, Ж.Массне, И.Штраус, Ф. Легар, Э.Куртистің және т.б. композиторлардың опералары мен оператталарынан ариялар, дуэттер, трио мен сахналық көріністер  шырқалады.

Концерттің басталуы 18:00

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры