Ел жүрегі – Астана

 

                     

 

                                        Туған күніңмен, Астана! 

Қазақстанның елордасына 20 жыл! «Ел жүрегі – Астана» тұжырымдамасына сәйкес мерекелеу 2018 жыл бойы өтетін болады. Осы кезең ішінде «Астана Опера» театры ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 6 премьера жоспарлаған, сонымен қатар өз сахнасында әлемнің үздік ұжымдарын қабылдайтын болады.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша салынды. Театр қазақстандық мәдениет көшбасшыларының бірі болып табылады. «Астана Опера» труппасы қазақстандық көрерменге ұлттық әрі классикалық репертуарды абыроймен ұсынуда, бұдан бөлек елордалық театр елімізден тыс тыңдарман қауымның жүрегін жаулап, әлемнің ең беделді әрі мәртебелі сахналарында жоғары құрметке қол жеткізуде.

 

 

«Ел жүрегі – Астана» Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын дайындау мен өткізу жөніндегі

«АСТАНА ОПЕРА» МОБТ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

 


П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсының премьерасы

8, 9 ақпан 2019

 

 

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры