Евгений Онегин

Петр Чайковский

«Евгений Онегин»

Прологы бар 3 бөлімді опера (лирикалық көріністер)

Либретто авторлары – К.Шиловский және  П.Чайковский

А.С.Пушкиннің өлеңмен жазылған аттас романы бойынша

Әлемдік премьера: 1879 жылғы 17 наурыз, Кіші театр, Мәскеу

«Астана Опера» театрындағы премьерасы – 2019 жылғы 8, 9 ақпан

Қоюшы дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Қоюшы режиссер, сценограф – Давиде Ливермор

Қоюшы сценограф – Франческо Калканини

Костюмдер бойынша суретшілер – Софья Тасмағамбетова, Павел Драгунов

Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы хореограф – Елена Шерстнева

Жарық бойынша суретші – Винченцо Рапони

Қоюшы режиссердің ассистенттері – Джанкарло Юдика Кордилья, Аня Рудак / Еренбақ Тойкенов

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті – Наталия Федорова

Жобаның техникалық жетекшісі – Виктор Караре

Бейнепроекцияларды жасаушы – «D-WOK» ЖШС

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Евгений Онегин – Алексей Исаев  («Геликон-опера», Ресей) /

Талғат Мұсабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Татьяна – Айгүл Ниязова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Галина Чеплакова

Владимир Ленский – Жан Тапин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Медет Шотабаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ольга – Дина Хамзина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Татьяна Вицинская

Ларина – Гүлжанат Сапақова /

Маргарита Дворецкая, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Князь Гремин – Барсег Туманян, Арменияның Халық әртісі /

Михаил Гужов, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі

Күтуші – Салтанат Мұратбекова / Баян Жүсіпова

Трике – Бейімбет Таңарықов / Рамзат Балакишиев

Зарецкий – Ержан Саипов /

Жанат Шыбықбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Рота бастығы – Нұрлыбек Қосбармақов / Шыңғыс Расылхан

Егде жастағы Татьяна – Мәнсия Естекова

Татьянаның жаны – Әнел Абдуллина

Ольганың жаны – Елена Безбородова

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ ОРКЕСТРІ, ХОРЫ, БАЛЕТІ,

МИМАНСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАР СТУДИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ

Ұзақтығы – 2 сағат 40 минут (екі үзіліспен)

Орыс тілінде орындалады

(қазақ және ағылшын тілдеріндегі синхронды аудармамен)

*   *   *   *   *   *   *   *   *   *   *   *   *   *   *

ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Қайран жүрегім! сен мықтысың,

ақылдың еркіне бағынбас…

К. Батюшков

ПРОЛОГ

Татьянаның жас кезінде армандап, жүрегімен қалаған үлкен махаббаты жауапты сезімге ұласпады. Енді, міне, жасы ұлғайған шақта осынау сүйіспеншілігі өткен күннен белгі болған бейнелерді, орындар мен басынан кешкен жай-күйді жадында жаңғыртып, онымен бірге әлі де өмір сүруде.

БІРІНШІ БӨЛІМ

1-көрініс. Лариндердің мекені

Ларинаның қыздары – Татьяна мен Ольганың ән салуы анасына өзінің жастық шағын еске салады. Егін оруды аяқтаған шаруалар ханымға келіп, ескі салт бойынша келер жылға молшылық пен амандық тілейді.

Шаруалардың ән мен биі Ольганың көңілін көтеруде, бұл сәтте Татьяна қиялға берілген – оны романдағы ғашықтардың тағдыры толғандырады.

Күтпеген жерден қонақтар келеді: Ольганың күйеу жігіті Владимир Ленский өзінің досы Евгений Онегинді таныстырады, оның мұнда келуі Татьянаның жүрегін тебірентеді.

Бақыт құшағындағы Ленский Ольгамен оңаша қалып, өзінің махаббат сезімін білдіреді.

2-көрініс. Татьянаның хаты

Татьянаның жан дүниесі бұрын-соңды болмаған жаңа сезімге толы. Оның абыржыған күйін байқаған күтушісі еркетайының көңілін аулап, жұбатуға тырысады. Жүз ойланып, мың толғанған Татьяна жеке қалған сәтте Онегинге махаббатын білдіріп, хат жазады. Сезімге толы жолдары бар хатты күтушісіне ұсынып, таңсәріде оны жаңа танысына апарып беруін өтінеді.

3-көрініс. Сыр ақтару

Татьяна алаңдаумен жауап күтуде. Бірақ хаттың орнына Онегиннің өзі келеді. Ол Татьянаның шынайылығына тәнті екенін, алайды қыздың сезімі жауапсыз қалатынын айтады.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

4-көрініс. Лариндер үйіндегі бал

Татьянаның туған күніне көптеген қонақтар жиналды. Тұрғындардың өсек-аяңдарына толы ауыл балы Онегинді абыржытады. Ол өзін осы жерге шақырған Ленскийге ашулы және Ольгаға қырындап, қыздың көңілін аулай бастайды. Досының әрекетіне ызаланған Ленский ұрыс шығарып, Онегинді дуэльге шақырады.

5-көрініс. Дуэль

Қарсыласын күткен Ленский қайғы-мұңмен өз өмірі жайында толғанады. Бұл жерге келген Онегин өз кінәсін түсінеді, Ленский де татуласуға дайын, алайда ар-намыстың жалған заңдарына сәйкес жекпе-жек орын алуы керек. Оқ атылады. Ленский қаза табады.

ҮШІНШІ БӨЛІМ

6-көрініс. Петербордағы бал

Петерборда ұзақ уақыт бойы болмаған Онегин мұнда қайта оралады да, осы жерде ұйымдастырылған балда Татьянаны кездестіреді. Ол оның жаңа келбетіне қайран қалады: енді, міне, Татьяна – бекзаттық пен абыройды бойына жинаған ақсүйек ханым, князь Греминнің әйелі. Онегин қобалжып, «жастық құштарлығына толы жүрегім бозбаладай ғашық» деп мойындайды.

7-көрініс. Кездесу

Онегин Татьянамен кездессем деген мақсатына жетеді. Оның сөздерінен өкініш байқалады. Өзара сүйіспеншілікті талап ете отырып, оған жауап ретінде қыздың сезімге толы сөздерін естиді. Бірақ Татьяна күйеуіне мәңгі-бақи адал болып қала бермек! Онегин үмітін үзді…

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры