«Астана Опера» театрының ұжымына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді

7 желтоқсан күні авторлар ұжымына: Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алан Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға – «Абай» операсы (Л.Хамиди, А.Жұбанов) үшін Қазақстан Республикасының 2018 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы жарияланды.

«Астана Опера» шығармашылық ұжымы мұндай жоғары марапатқа алғаш рет иеленіп отыр. Айта кетер болсақ, музыка сыншылары осынау сахналық қойылымның алыптығын, көп қырлылығы мен ауқымдылығын бірнеше рет атап өткен. Ол Қазақстанның опера өнеріндегі жаңа кезең болып табылады. Спектакль тарихқа деген заманауи көзқараспен үндес әрі Тәуелсіз Қазақстан азаматтарымен ұсынылған.

Биыл «Астана Опера» театрының ұжымы «Абай» операсын Италияда алғаш рет қазақ тілінде орындады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен атақты генуялық «Карло Феличе» театрының сахнасындағы өнер көрсету орасан зор табыспен өтті.

Ұлттық өнеріміздің жауһары – «Абай» операсында айрықша музыкалық материал, мінсіз хореография, қазақ халқының бай әдет-ғұрпы, еуропалық режиссура және де, сөзсіз, қазақстандық әртістердің тамаша орындаушылық қабілеті (Сүндет Байғожин Абай партиясының ең үздік орындаушысы болып есептелуі заңды) керемет ұштасқан. Ахмет Жұбановтың шөбересі, әйгілі маэстро Алан Бөрібаев музыкалық материалдың өзгешелігі мен нақышын шеберлікпен жеткізеді. Оның жетекшілігіндегі симфониялық оркестр мен хор әрдайым күшті, сәнді, жарқын әрі айқын шырқайды.

2018 жылдың қаңтарында А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы Абай атындағы МАОБТ ұсынылған болатын. Залдағы көптеген тыңдармандардың арасында композитордың қызы, биология ғылымдарының докторы Ажар Ахметқызы Жұбанова болды, ол спектакльден алған тамаша әсерімен бөлісті. «Мен операның барлық тұсаукесерлік көрсетілімдерін қарап отырамын, дәл осы қойылым композитор мен либреттошының бастапқы ойына сәйкес келеді».

«Абай» операсының қойылымына көрнекті мәдениет, саясат және қоғам қайраткерлері жоғары бағасын берген. Олардың қатарында – Әлібек Дінішев, Асанәлі Әшімов, Есмұхан Обаев және т.б. бар. «Операның жаңа оқылымы, керемет декорациялары мен костюмдері маған ерекше әсер етті. «Абай» операсының финалы өз еліңмен, тарихыңмен, əдебиетіңмен, халқыңмен мақтан еткізеді, – деді атақты қазақстандық опера әншісі Әлібек Дінішев.

 

«Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

тел. (7172 -70 95 94; 70 96 19) e-mail: astanaopera@gmail.com

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры