Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

«Астана Опера» театрының барша ұжымы Сіздің өкілеттігіңізді тоқтату жөніндегі шешіміңізді жүректі сыздатқан қайғы-мұңмен қабыл алды.

Сіздің ел тарихындағы рөліңіз аса зор! Елеулі де қажырлы еңбегіңіз үшін  Сізге алғысымыз ұшан-теңіз! Сіз өзіңіздің көрегендігіңіз арқылы халықты қиын-қыстау сәттен шығарып, ел азаматтарының ынтымақ, бірлігін қамтамасыз ете отырып, бақытты да баянды болашаққа жетеледіңіз. Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде Сіз экономикалық қиындық шегінде тұрған елдің еңсесін көтердіңіз, гүлдену мен өркендеуге үміт беріп, халықты өз соңыңыздан сенімді түрде ерте білдіңіз!

Сән-салтанаты келіскен керемет «Астана Опера», «Астана Балет» театрлары, Қазақ Ұлттық хореография академиясы, мұражайларды сыйға тартып, жаңа елордамыздың бой көтеруі үшін Сізге зор алғысымызды білдіреміз! Әлемнің көптеген елдерінде Отанымыздың даңқын асырып, бар қырымызды танытуға мүмкіндік бергеніңіз үшін Сізге деген ықыласымыз ерекше!

Сіздің арқаңызда Қазақстан қысқа мерзім ішінде ғасырға тең келетін жолды жүріп өтті, осынау жылдар бойы еліміздің саяси тұрақтылығы мен орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз еткен қуатты президенттік билік институты құрылды.

Бүгінгі күні Сіз бізге лайықты өмір, балаларымызға бақытты болашақ бердіңіз!

Сізге деген алғысымыз шексіз!

Рақмет! Рақмет! Рақмет!

Құрметпен, «Астана Опера» театрының ұжымы!

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры