Ғалым Ахмедьяров: «Міндетіміз – мәдениет пен өнерімізді одан әрі дамыту деп білеміз»

16 қаңтар күні «Астана Опера» театрының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров театр ұжымымен кездесіп, ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді. Қызметкерлер ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттарын мұқият тыңдап, Елбасының міндеттерін орындауға ықылас-ниеттерін білдірді.

Президент Жолдауын талқылауға шақырылған сарапшы – Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты Галина Поваляшко қатысып, өз пікірімен бөлісті.

Еске салар болсақ, 10 қаңтар күні Ақорда сайтында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауының толық мәтіні жарияланды, ал 9 қаңтарда Елбасы қазақстандықтарға мәлімдеме жасап, жүзеге асырылуы тиіс 10 негізгі міндеттерді қадап айтқан еді.

Мәдениет саласындағы қызметкерлер үшін Жолдаудың жетінші бағыты – «Адами капитал – жаңғыру негізі» ерекше назарда, бұл жерде мәдениетімізді одан әрі дамыту үшін ұлттың әлеуетін арттыру туралы сөз қозғалған. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс», – делінген Жолдау мәтінінде.

– ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы қазақстандықтардың көптеген сауалдарына жауап береді. Ол еліміздің әлемдік сапа стандарттарына ұмтылысын дәлелдеді. Басымдықтар арасында Адами капиталдың жаңа сапасы көрсетілгені аса маңызды: мұғалім кәсібінің мәртебесі артады, денсаулық сақтау саласында өзгерістер орын алады, базалық зейнетақы мөлшері өседі. Міндетіміз – мәдениет пен өнерімізді одан әрі дамыту деп білеміз. Елбасының арқасында жыл сайын Республикамызда жаңа ғылыми орталықтар, мәдениет мекемелері, саябақтар пайда болуда…Елімізде зияткерлік мектептер ашылуда, Назарбаев университеті, «Астана Опера», Ұлттық мұражай, «Астана балет» сәтті жұмыс жасап жатыр, Хореография академиясы салынды – осының бәрі халықтың рухани даму игілігі үшін Президентіміздің жасап жатқан орасан зор еңбегі, – деп атап өтті театр директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры