Қолайсыз күн райына байланысты, «Астана Опера» театрының әкімшілігі қандай жағдай болса да бүгін өтетін спектакльге билеттерді ауыстыруға дайын

Бүгін сағат 19.00-де «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында афишаға сәйкес француз композиторы Жорж Бизенің атақты «Кармен» операсы өтеді. Ауа райының күрт өзгеріп, нашарлауына байланысты, театр әкімшілігі бүгін өтетін спектакльге билеттерді ауыстыруға дайын. Көрермендер бос орынның болу шартымен театр репертуарындағы басқа қойылымды таңдай алады. Осы орайда 19 қаңтарға дейін «Кармен» спектакліне сатып алынған билеттерді «Астана Опера» театрының кассасында немесе ticketon.kz сайтында ауыстырып алу қажет.

Еске салар болсақ, «Кармен» операсындағы оқиға ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Испанияда өрбиді. Оқиғаның қақ ортасында – темекі фабрикасының басқа жұмыскерлерінен ерекше көзге түсетін сұлу сылқым, құштарлыққа толы әрі азатшыл сыған қызы Кармен. Бастапқы шығармадан өзгешелік ретінде Бизе кейіпкерінің мінезін игілендіріп, сезімнің бірбеткейлігі мен іс-қимыл еркіндігіне баса назар аудартқан.

Либретто авторлары опера әрекетіне бейнелі халық сахналарын енгізген. Оңтүстіктің күйдірген күні астындағы қызба қауым, сыған қыздары мен контрабандашылардың мүсіндері, бұқа жарысының көтеріңкі көңіл-күйі Кармен, Хозе, Микаэла мен Эскамильоның операдағы өзіндік мінезін, олардың тағдырының драматизмін ерекшелеуде.

Кармен – еркіндігі әрі махаббатының күші сүйген жаны мен өзі үшін талқандаушы күшке ие болып, пешенесіне жазылғанға көнген әйел.

Қоюшы дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаев, қоюшы режиссер – Лоренцо Амато (Италия). Қоюшы сценограф – Эцио Фриджерио, костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино (Италия), костюмдер бойынша суретшінің ассистенттері – Хелен Критикос, Арасель Досмұратова, жарық бойынша суретші – Якопо Понтани, проекциялар бойынша суретші – Серджио Металли (Италия). Хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры