Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты “Астана Операда” спектакль көрсетілмейді

28 желтоқсан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялануына байланысты, 28 желтоқсан күні сағат 17.00-де өтуі тиіс П.И.Чайковскийдің “Щелкунчик” балеті қойылмайтын болды.
“Астана Опера” МОБТ әкімшілігі қолыңызда бар билетті кассада (кассадан сатып алған жағдайда) немесе ticketon.kz сайтында (онлайн сатып алған жағдайда) ауыстырып, спектакльді 3 қаңтар күні сағат 17.00-де тамашалай алатындарыңызды немесе билеттеріңізді театр кассалары мен ticketon.kz сайтында қайтаруларыңызға болатынын хабарлайды.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры