Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні аясында қайырымдылық концерт өтеді

10 сәуір күні «Астана Операда» аутизмге шалдыққан және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға арналған «Жануарлар карнавалы» атты бейімделген музыкалық-поэтикалық концерт өтеді.

«Болашақ» корпоративті қоры мен «Астана Опера» шығармашылық ұжымы ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін француз композиторы Камиль Сен-Санстың ең әйгілі туындыларының бірі – «Жануарлар карнавалы» сюитасын бейімдеді. Жас көрермендер симфониялық оркестр аспаптары жануарлар мен құстардың дауыстарына қалай ұқсайтынын ести алады. Туындыны дирижер Руслан Баймурзинның жетекшілігімен «Астана Опера» Камералық оркестрі орындайды.

«Жануарлар карнавалы» бейімделген концертінің жекелеген бөліктерінде танымал музыкалық шығармалардағы дәйексөздер кездеседі. Аталмыш жобаны Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні аясында «Болашақ» корпоративті қоры мен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры ұйымдастыруда.

Концерттің ұзақтығы 30 минут.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры