«Астана Операда» Турандоттың жүрегіне жаңа үміткер бар

6 желтоқсан күні «Астана Операда» тыңдарман назарына Джакомо Пуччинидің «Турандот» операсы ұсынылмақ. Калафтың партиясында Үлкен зал сахнасына алғаш рет Мариин театрының солисі, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Татарстанның Халық әртісі Ахмед Агади шығады. Театрдың симфониялық оркестрі мен хоры маэстро Джузеппе Акуавиваның (Италия) жетекшілігімен өнер көрсетпек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарқын тенор әнші Ахмед Агади елордалық жұртшылыққа кеңінен танылған: «Астана Опера» сахнасында вокалист Біржан («Біржан – Сара», М.Төлебаев), Радамес («Аида», Дж.Верди), Марио Каварадосси («Тоска», Дж.Пуччини) бейнелерінің өз интерпретациясын ұсынып үлгерді. А.Агади көптеген танымал опера сахналарында өнер көрсетеді. Ол Ресейдің Үлкен театры, Амстердам опера, Корольдік Дат опера, Будапешт опера, Страсбург опера, Буэнос-Айрестегі Колон театрының спектакльдеріне қатысып, Германия, Франция, Ұлыбритания, Нидерланды, Дания, Австрия, Бельгия, Латвия, АҚШ,  Аргентина, Оңтүстік Корея, Түркия елдерінде сәтті өнер көрсеткен.

Басты Турандот партиясын қазақстандық опера сахнасының жұлдызы, театрдың жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллина орындайды. Лиу – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзак, Тимур – Болат Есімханов, Альтоум – Ақылбек Табынбаев, Пинг – Ержан Саипов, Панг – Ерұлан Кәмел, Понг – Бейімбет Таңарықов, Мандарин – Шыңғыс Расылхан.

Қоюшы дирижер – «Астана Опера» бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаев. Қоюшы режиссер – Давиде Ливермор, қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова, Павел Драгунов. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов, балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова.

Спектакльдің басталуы сағат 19.00-де.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры