Бақтияр Адамжан «Нұр Отан» қатарына қосылды

Бүгін, 4 шілде күні «Астана Опера» театрының жетекші балет солисі, көптеген халықаралық байқаулардың Гран-при иегері Бақтияр Адамжанды «Нұр Отан» партиясына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.

Еліміздің мәдениет қайраткерлерінің көпшілігі «Нұр Отан» партиясына мүше болып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатын қолдап жүргені белгілі. Мемлекет басшысы өнер саласын дамытуға баса назар аударып, жас дарындар, ғалымдар, спортшылар, мәдениет қайраткерлеріне қолдау көрсетеді, олардың шығармашылық әрі тұлғалық тұрғыдан қанат жаюына көмектеседі.

Бақтияр Адамжан – әлем бойынша сұранысқа ие балет әртісі. Өз жетістіктерімен ол шетелдерде Қазақстанның даңқын асырып келеді. «Астана Операның» жетекші солисі Мәскеудегі Халықаралық балет әртістері мен хореографтар байқауында (Ресей, 2017) Гран-при жеңіп алған (Алтын медаль иегері) алғашқы қазақстандық, сонымен қатар ол Dance Open (Санкт-Петербор, Ресей) беделді халықаралық балет сыйлығының лауреаты атанған тұңғыш қазақстандық болып табылады. Сондай-ақ Б.Адамжан VKIBC Валентина Козлованың халықаралық балет әртістері байқауының тарихындағы алғашқы Гран-при иегері (Нью-Йорк, АҚШ).

– Бұл мен үшін өте маңызды күн. «Нұр Отан» партиясы Қазақстан Республикасының Президентімен қойылған жоспарлар мен міндеттерді жүзеге асыруға үлкен үлес қоспақ. Партия мүшесі болғаным үшін қуанышым шексіз және күш-жігерім жеткенше пайдалы іс атқаруға дайынмын. Сонымен бірге Елбасыға көреген саясаты үшін алғысымды жеткізіп, туған күні қарсаңында Нұрсұлтан Әбішұлына зор денсаулық пен ашық аспан астында бейбіт ғұмыр тілегім келеді, – деді Бақтияр Адамжан.

Естеріңізге сала кетсек, «Нұр Отан» – Қазақстанның ірі партиясы. 1999 жылы ел Президентінің бастамасымен «Отан» партиясы атауымен құрылған, Н.Назарбаев партияның көшбасшысы болып табылады.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры