«Астана Опера» әртістері Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына бір күндік жалақысын аударды

«Астана Опера» театрының ұжымы Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарын қолдау үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына бір күндік жалақысын аударды.

Кеше, дүйсенбі күні Арыс қаласында орын алған қайғылы жағдайға театр қызметкерлері бірден елең етті. Материалдық көмектен бөлек, театр ұжымы Арыс тұрғындарына қолдау сөздерін жолдады, осынау апат салдарының тезірек жойылуына ниет білдіріп, барша қала жұртшылығына қажыр-қайрат тіледі.

«Шын жүрегімізбен бейбіт Қазақстанымызда осындай алапаттың ешқашан қайталанбауын қалаймыз», – деп атап өтті әртістер.

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры