Тәуелсіздік күні қарсаңында «Астана Опера» театрының әртістері құрметті атақтарға ие болды

14 желтоқсан, Тәуелсіздік күні қарсаңында «Астана Опера» МОБТ шығармашылық ұжымының қатысушыларына мемлекеттік марапаттар ұсынылып, атақтар берілді.

Төлеубек Әлпиев, Алан Бөрібаев және Сүндет Байғожин, «Астана Опера» шығармашылық ұжымының қатысушылары А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы үшін мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қолынан «Астана Опера» театры опера труппасының жетекші солисі Мейір Байнеш «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы мен белгісін алды.

«Қазақстан» ОКЗ-да салтанатты марапаттау рәсімі өтті: «Астана Опера» балет труппасының тәлімгер ұстазы Константин Заклинскийдің еңбегі ІІ дәрежелі «Достық» орденімен еленді. Балет труппасының жетекші солисі Мәдина Басбаева «Құрмет» орденімен марапатталды. Жетекші солистер Бақтияр Адамжан, Әнел Рүстемова және «Астана Опера» Симфониялық оркестрі виолончель тобының концертмейстері Дәулет Шәкіров Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алды. «Астана Опера» МОБТ директорының орынбасары Александр Совостьяновқа «Ерен еңбегі үшiн» медалі табысталды.

– Қазақстанның тәуелсіздігі қай салада болсын зор әлеуетті жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Қазақстандық әртістер ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыра отырып, әлемдік аренада биік жетістіктерге қол жеткізді. Елбасының сарабдал саясатының арқасында көп ұзамай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылатынымызға кәміл сенемін, – деді «Астана Операның» жетекші балет солисі  Мәдина Баспаева.

«Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

тел. (7172 -70 95 94; 70 96 19) e-mail: astanaopera@gmail.com

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры