() Алты тілде ?н айта аламын / http://www.aikyn.kz/

?міріні? отыз жылын опера ?неріне арна?ан халы? артисі Н?ржамал ?сенбаева ?аза?ты? алыста?ы ша?ын ауылы мен ата?ты Карнеги холл сахнасын те? ?ояды. Ол ?зі ?шін е? басты сый ты?дарманны? ризашылы?ы екенін айтады. Шы?армашылы? мерейтойы ?арса?ында опера ?ншісі «Ай?ын» газеті тілшісіні? сауалдарына жауап берген еді.

 

– ?рбір артис ?зі сомдайтын образ­дардан ?зіне ??састы? тауып жатады. Жа?ында Астана театры сахнасында к?рсетілген М??ан Т?­ле­баевты? «Біржан – Сарасында?ы» басты кейіпкер сізге ?аншалы?ты жа?ын? 

– Артис сахнада кез келген об­разды аша білуі тиіс: жа?ымды ма, ?лде жа?ымсыз ба… ?ншіні? ішкі ?леміне жа?ын ба, о?ан т?уелді бол­мауы керек. Артис маманды?ы­ны? м?нісі – осында. «Біржан-Сара» опе­ра­сында?ы Сара партиясы – е? с?йікті опералы? партияларымны? бірі. Ол музыкалы? ?ана емес, драмалы? т?р?ыдан ал?анда да ?те ?демі, Сара – ішкі мазм?ны ?те бай образ, ма?ан ?те жа?ын.

– Сараны? ?ай ?ырын ?з бой­ы?ыз­дан табасыз?

– Сара – ?нер мен Біржан?а деген махаббаттына адал талантты а?ын. ?нерге деген махаббат – оны? бойында мені т?нті ететін ?рі ?мірімдегі ма?ызды н?рсе.

– Дегенмен, сіз орында?ан опера­ларда?ы ?йел бейнелері арасында сізді ерекше к?йге т?сіріп, тол?ан­дыратыны бар шы?ар?

– Сахнада орындайтын образ­дарды? барлы?ы ?ымбат, ?йткені олармен ж?мыс істей отырып, бар­лы? жан-т?німді, ?нерімді сала­мын. ?рбір ?йел бейнесі – ерекше, тосын. ?ркез оларды бас?аша, жа?аша, сол бейнелердегі ж?не ?зімні? бойымда?ы жа?а ?ырларды аша отырып, орындаймын. ?азір Жорж Бизені? «Меруерт іздеуші­лер» операсында?ы Л?йланы? бей­несін сомдау?а толы?тай ден ?ой?анмын, ол мені? барлы? ішкі ?асиеттеріме с?йкес келеді.

– Сахнада Сарадан ?зге ?ыз Жі­бек, Г?лбаршын, Дана т?різді ?аза? ?ыздарыны? ?здік бейнелерін бер­ді?із. Егер соларды? барлы?ын бірік­тірсе, ?аза? ?ызыны? тамаша пор­тре­ті, жиынты? бейнесі шы?атын сия?­ты. Оны ?алай сипаттап берер еді?із?

– Б?л бейнелер – тазалы? пен п?ктікті?, адалды? пен н?зіктікті?, жанкештілік пен ?айсарлы?ты?, та­ланттылы? пен дарындылы?ты?, батылды? пен патриотты?ты? символдары. ?рине, ол – ?а­за? ?ызыны? идеалды бейнесі. Мен ата-анамны? ?алай т?рбие­легенін ?немі есте ?стап келемін. Олар мені е?бек?орлы??а, ?ара­пайым­дылы??а, елгезектікке, адам­шылы??а, білімге ?мтылыс?а, ?лкенге сый-??рмет к?рсетуге т?р­биеледі. Олар мені ?олымда барды ба?алау?а, денсаулы?ты к?тіп, еш­кімге ар?а с?йемей ма?сат?а ?з к?шіммен жетуді ?йретті. М?ны? б?рі – к?нделікті ?мірде ?ажет ?ас­иеттер. ?рине, идеал адам болмай­ды, дегенмен, адам ?зімен ?немі ж?­мыс істеп, кемелділікке ?мтылуы тиіс деп ойлаймын.

Сахнада ?ор?ыныш ?алтарыста ?алады

– «Біржан – Сарада» сахнада сіз тірі атты? ?стінде отырып ария шыр?ады?ыз. Сахна?а шы?ар ал­дында ?ор?ыныш болмады ма? Ал ?мірде жиі т?уекелге барасыз ба? 

– «Біржан – Сарада» сахана?а атпен шы?у – режиссерді? ойлап тап?аны еді. ?рине, б?л ?серлі ?рі шынайы шы?ты. Шын м?нісінде, ж?рексінгенім рас, ?йткені атты? ??ла?ында ойнамаймын ?ой. Ерте­ректе бір о?и?а болып еді. К?ктемде далада серуендеп ж?ргенмін, жы­лан­дар сол кезде ?те к?п болатын. Сонда жыланнан ?оры??аннан ат­?а мініп ал?анмын… Сахна?а цирк­ті? ?йретілген аты шы?арылды. Оны? иесі ма?ан атпен достасып, о?ан тол?ып т?р?аны?ды білдірт­пей, жалынан а?ырын сипап, с?й­лесу керектігін айтты. Ат?а ?зі?ді сездіргеннен кейін батыл т?рде ерге ?ону керектігін т?сіндірді. Сахнада ?ншіні? міндеттері – бас?а, ?ор­?ы­ныш ?алтарыста ?алады. Дауыс пен ?зі? сомдайтын бейнені ойлап, режиссерді? айт?андарын орындау ?ажет. Сахнада ?иынды?тарды ?р­дайым ?алай же?сем, ?мірде де оларды е?серуге тырысамын.

– Сізді? е?бек?орлы?ы?ыз тура­лы к?п айтылады. ?рбір жа?а опера­лы? шы?армада ойнау ?шін жа?а тілді ме?геруге м?жб?р болатыны?ыз рас па? 

– ?ке-шешем тек ма?дай тер­мен ?ана бір н?рсеге ?ол жеткізуге бола­тынын ?немі айтатын. К?н­де­лікті ж?мыс ?з жемісін береді. С?т­сіздіктерде е?сені т?сіріп, салы? су?а кетіп, то?тау?а болмайды, ?рі ?арай ж?мыс істей т?су керек. Біз ?немі шы?арманы? т?л тілінде ?н саламыз, б?л оны мейлінше аша т?седі. ?азір итальянша, а?ылшын­ша, немісше, орысша, хиндише, ?рине, ?аза?ша ?н саламын. Б?л – мені? ж?мысыны? бір б?лігі ?рі белгілі-бір халы?ты? м?дениетіне ?арым-?атынасымны? к?рінісі. ?рине, ?н салатын тілдерімні? б?­рін білемін деп айта алмаймын, сонды?тан, ж?мыста мамандар мен сол тілді? адамдарыны? к?мегіне ж?гінемін. Д?рыс дыбыстау бойын­ша ж?мыс істеймін, шы?арманы? м?ні мен сипатын д?л жеткізу ?шін ?рбір с?зді аударып берулерін ?тінемін.

– Сахнада «?ыз Жібек», «Ер Тар?ын», «Алпамыс», «Абай» сия?ты ?аза? операларымен ?атар «Тра­виа­та», «Богема», «Риголетта», «Кар­мен» ж?не та?ы бас?а ?лемдік інжу-маржандарда ойнады?ыз. ?зімізді? т?л туындыларымыз классикалы? батысты? шы?армалармен ?атар ?ойып, салыстыру?а келе ме?

– «?ыз Жібек», «Абай», «Біржан – Сара» – ?аза?станны? алтын ?орына енген классикалы? ?нерді? жа??ттары. «Абайды» неміс ?ою­шылары Германияны? е? бір же­тек­ші театрларыны? бірі Майнин­генде к?рсетіп, осы театрды? ре­пер­туарына енді. Ал «Біржан – Сара» мен «?ыз Жібек» Еуропада, Ресейде, Т?ркияда ?ойылып, ?лкен табыстар?а жеткен. ?азан айында Абай атында?ы театр «Абай» опера­сыны? жа?а ?ойылымын Париж к?рермендеріне ?сынады. Б?л опе­ра­лар м?дениетімізді, д?ст?рімізді, т?рмысымызды, ?уенімізді, поэзия­мызды, костюмдерімізді? ?семдігін паш етеді, ?лемні? кез келген сах­насыны? к?ркін келтіретіні с?зсіз.

– Сіз ?лемні? м?ртебелі сан т?рлі театрларында, концерт залдарында ?нер к?рсетті?із. Соларды? ішінде сіз ?шін е? ма?ыздысы ?андай?

– ?р сахна мен ?шін ?зінше ма?ызды ?рі ?ымбат. Шы?армашы­лы?ымны? бір кезе?і белгілі-бір ба?дарлама, ?ойылым немесе кон­цертке дайынды? барысында?ы ?ай­таланбас тол?аныстар мен ?о­бал­жулар ?рт?рлі сахнамен байла­нысты. Б?л ?зіме жа?ын, е? ал?аш­?ы ?адамдарымды жаса?ан Абай атында?ы опера ж?не балет театры немесе жеке концертімді ?ой?ан, ?рбір музыкант армандайтын Кар­неги холл сахнасы болуы м?мкін. Б?лкім, б?л к?пшілігі ?лкен залды к?рмеген жа?ындарым мен жерлес­терімні? алдында есеп концертімді ?ткізген, ту?ан ?алам Арысты? сахнасы немесе келін ретінде ?н сал­?ан ?айын ж?ртым Беген ауылы­ны? сахнасы шы?ар… ?рине, зал, аккустика ма?ызды, біра? ты?дау­шымды одан да жо?ары ?оямын. К?рерменімні? ?неріме деген к?з­?арасы ма?ызды, ?ол шапала?тау ар?ылы марапаттаса, ма?ан б?дан ас?ан сый, ба?а жо?. Сахнаны жа?сы, не жаман деп, ты?дарманды т?сінетін, не т?сінбейтін деп б?л­меймін. ?рдайым ?з ба?дарламамды ?ойып, ?зім ?йренгенді, ?олымнан келетінді к?рсетемін. Ал ты?дарман жанымен, ж?регімен т?сінеді. Му­зы­каны? к?рделігі мен ?демілігін ?рдайым ба?алай алады.

– Ал жа?адан салын?ан «Астана Операны?» м?мкіндігін ?алай ба?а­лайсыз? Несімен ма?тана алады? ?андай жа?ынан жетілдіру керек? 

– Астана к?н санап к?ркейе т?­суде. Б?л ?ала бір адамны? арманы болып, миллионны? арманына айналды. «Астана Опера» театры Мем­лекет басшысы Н?рс?лтан Назарбаевты? ?олдауымен салын­ды. Сырты да, іші де ?демі ?рі с?н-салтанатты ?имарат. Сахнасы кез келген де?гейдегі к?рделі ?о­йылым­ды ?ою?а м?мкіндік беретін е? со??ы техникамен жабды?тал?ан. Жо?ары к?сіби труппа ж?мыс істейді, болаша?ы зор к?п жастар бар. ?нші ретінде б?л сахнада жан д?нием ерекше к?йге б?ленеді, м?н­да ?нер к?рсетуді ма?тан т?та­мын .

– Алайда, Астана?а ?лі к?шіп келмеуі?ізді? себебі неде: Астананы? ауа райы ?ркіте ме, ?лде театр ди­рек­торы жолдасы?ыз болуына бай­ла­нысты к?сіби этика са?тау?а м?ж­б?рсіз бе? 

– «Астана Операны?» ашылуы­на ?атысып, «Біржан – Сара» опе­ра­сында Сара партиясын орында­?аным ?шін ба?ыттымын. Б?л – мен ?шін ?лкен абырой ?рі сенім. Мені ша?ыр?ан сайын осы тамаша театрда ризашылы?пен ?н саламын. Осы айда «Астана Операда» ж?не ?зімні? жа?сы к?ретін Абай атын­да?ы академиялы? опера ж?не ба­лет театрында жеке концерттерім ?теді. Абай атында?ы театрда ?нші ретінде ?алыптастым, 30 жыл?а жуы? ?ызмет етіп келемін. Б?л – тарих пен д?ст?рге бай к?не театр. ?аза? операсы мен балет ?нері осында ?ауызын жар?ан. Аттары а?ыз?а айнал?ан опера ?ншілері К?л?ш ж?не ?анабек Байсейітов­тер, Манарбек Ержанов, Ришат пен М?сілім Абдуллиндер, Ермек Сер­кебаев, Роза Жаманова, Бибіг?л Т?легенова, Бекен Жылысбаев, ?лібек Дінішев осы сахнада ?н салып, ?йгілі Галина Уланова, Шара Жиен??лова ж?не бас?а бишілер осында ?нер к?рсеткен. Б?л театр – ?нерімізді? ?ара ша?ыра?ы бол­са, «Астана Опера» – содан тарай­тын д?ст?рлерді ?азы? еткен жа?а отау. Театрлар арасында текетірес емес, ты?ыз байланыс пен ынты­ма?­тасты? орна?анына ?уанышты­мын. «Астана Опера» театры ?зіні? ал?аш?ы ?лемдік турнесін Абай атында?ы театрдан бастап, ?ара ша?ыра?ты? батасын ал?ан.

Музыкант ?шін бір сахнада ?а­лып ?оймай, с?раныс?а ие болу, к?п гастрольге шы?у ма?ызды. Ас­та­наны жа?сы к?ремін. Мені? от­ба­сым да, жан жарым да, ет жа­?ын­дарым да, с?йікті адамдарым да, ?йім де осында. Мен ?ай жа?та бол­сам да, осы жа??а ?арай ?мтыламын.

– ?нерлі отбасы болу ?нші ?шін с?ттілік пе, ?лде оны? ?иынды?тары бар ма?

– Опера – музыка ?неріні? шы?ы. Осы ?атпарлы, біра? с?улелі ?рі т?псіз жолда екендігім ?шін ба?ыттымын. Жалпы, ?мірде ма?­сат?а, арман?а жетуді? жолы ма?­ыз­ды ?рі ?ызы?. ?нерді? жолы же?іл емес. Опера ?ншісі болу да о?ай?а со?пайды. Адам дауысы – е? бір ?згеше, бірегей ??рал. Бір жа­?ынан ?араса?, т?сінікті сия?ты к?рі­неді, ерекше, ?ажайып, ?айта­лан­бас. ?анша ?нші болса, сонша­лы?­ты жал?ы дауыс бар. Екінші жа?ынан б?л – ?те к?рделі ??рал. Себебі іштегі кішкентай дауыс жел­безегіні? ахуалы, дауысты? шы?уы ішкі сезімге, к??іл к?йге, адам?а ?сер ететін сырт?ы факторлар?а т?уелді.

Мен ?зімні? ж?мысымды жа?­сы к?ремін. ?уаныш, л?ззат, ?ана­?ат, ішкі ж?не сырт?ы ?леммен ?йле­сімділік сыйлайтын с?йікті ісіммен айналыса алатыным ?шін ба?ыттымын. ?рдайым мені ?ол­дай­тын отбасым бар екеніне ?уа­ныш­тымын. Мені? шы?армашы­лы?ыма жа?дай жасайды. Барлы? м?мкіндігім мен ?абілетімді толы? ж?зеге асыру?а к?мектеседі. Мен ?андай болсам да, тап осы к?йімде ?абылдап, жа?сы к?реді. Жа?ын­дарым мен ту?андарыма к?бірек к??іл б?луге м?ршам болмай жата­тыны рас. Ма?ан да ?немі осы жет­пей т?рады. Артис ?міріні? ?иын­ды?ы – осында. Біра? б?л ?иын­­ды?­тар ?нері?е т?нті к?рер­мендерді, оларды? ысты? ж?рек­терін, н?рлан?ан ж?здерін, ?демі­лік­пен, музыкамен то?ыс?аннан л?ззат ал?андарын к?ріп, оларды? ?ошеметін к?ргенде естен шы?ады.

– Жа?ында «Астана Операда» беретін «?нерім – ?мірім» жеке кон­церті?ізді? ерекшелігі ?андай бол­ма??

– Шы?армашылы?ымны? 30 жылды?ына арнал?ан концерттерді Таразда, К?кшетауда, Шымкентте ?ойдым. ?аза?станны? барлы? об­лыс орталы?тарында ж?не шетел­дерде ?н салуды жоспарлап отыр­мын. 15 ?азанда «Астана Операда», 18 ?азанда Абай атында?ы театрда жеке концерттерім ?теді. ?зім ж?­мыс істейтін шетелдік ?нші, дири­жер ?ріптестерімді осы концерт­терге бірге ?н салу?а ша?ырып отырмын.

– Сізді? осы жеке концерті?ізде ?нерс?йер ?ауым?а ?сынар ?андай тосын сыйы?ыз бар?

– Астана мен Алматыда?ы кон­церттерді? ерекшелігі – бірінші б?лімде мен шыр?айтын опералар­дан к?ріністер ?ойылады. Онда опера ?ойылымдарында?ы сия?ты костюмдер, декорациялар болады. Я?ни, мені? шы?армашылы?ымны? негізгі ба?ыты – опералы? ?нші­лігім к?рініс табады. Екінші б?лім­де шы?армашылы?ымны? ажыра­мас б?лшегі – концерттік ба?­дар­ла­ма беріледі. Онда опералы? репертуар емес, мен ?шін ?ызы?ты джаз, оперетта, мюзикл, танымал ?ндер шыр?алады.

?з ты?дарманыма оны? музы­ка?а деген махаббаты мен ?олдауы ?шін ризамын. Б?л мені? шы?ар­машылы?ыма ?лкен серпін, к?ш-?уат, ?з жолымда жа?а белестерді ба?ындыруда сенімділік беріп, жет­кен жетістікпен то?тамай, ?рдайым жетіле т?суге жетелейді.

– ??гіме?ізге ра?мет!

 

С?хбаттас?ан Айжан К?ШКЕНОВА http://www.aikyn.kz/

Генеральный спонсор

Спонсоры и партнеры